Университет тарихы

«Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркістанды түркі дүниесінің ортақ білім шаңырағына айналдырады».

«Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркістанды түркі дүниесінің ортақ білім шаңырағына айналдырады»

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті.

1991 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке бастамасымен және Қазақстан мен Түркия арасындағы Үкіметаралық келісімі негізінде жастар арасынан заманауи жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында құрылған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркітілдес елдер мен түркі әлемінің рухани орталығы – Түркістан қаласында орналасқан.

1992 жылы 1 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Түркия Республикасының Премьер-Министрі Сүлеймен Демирелдің ресми кездесуі нәтижесінде «Халықаралық университет» мәртебесі берілді.

1992 жылғы 31 қазанда Анкарада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтері арасында осы оқу орнын «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылды. 

2012 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қызмет шарттары хаттамасы» ратификацияланып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілді.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен «ерекше мәртебе» беруі университет үшін маңызды оқиға болды.

Бүгінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жоғары базалық білім (бакалавриат), интернатура, магистратура, резидентура және докторантура сынды білім берудің барлық деңгейлерін жүзеге асыратын көпсалалы жетекші университеттердің бірі болып табылады.

Университетке қабылдау мемлекеттік және түрік білім гранттарымен қоса келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.


Университет 1992 жылдан бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шеңберінде медицина мамандарын даярлауды бастады және “full university” (толық университет) университеттерінің халықаралық санатына ие болды.

Қызметтер

57

Бакалавриат

2

Студенттік тәжірибе

62

Магистр деңгейі

17

Резидентура

15

PhD докторы

Білім беру қызметі білім берудің барлық деңгейлері мен тоғыз саласы бойынша 153 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады: педагогикалық ғылымдар, өнер және гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, бизнес, менеджмент және құқық, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина).

Университет тарихынан

1993 жыл – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұжымының Д.А.Қонаевпен кездесуі

1993

1994 жыл – Түркия Республикасы Президенті Сүлейман Демирел мырзаның ресми сапар кезіндегі Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің іргесін салтанатты қалау кезіндегі көрініс

1994

2000 жыл – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты
құттықтау кезі

2000

2001 жыл – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың университетке ресми сапармен келуі

2001

2008 жыл – Университеттің «Клиникалық-диагностикалық» орталығы пайдалануға берілді

2008

2009 жыл – Университеттің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

2009

2010 жыл – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев жəне Түркия Республикасының Президенті Абдуллах Гүлдің университеттің жаңа ғимаратының іргесін қалау кезі

2010

2010 жыл – Университет Болон Декларациясының негізі болып табылатын университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды

2010

2012 жыл – Реджеп Тайып Ердоған үздік бітірген студенттерге диплом тапсырды

2012

2014 жыл – Университеттің туған күні мен түлектер күні аталып өтілді

2014

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоғанның студент жастармен және профессорлармен кездесуі.

2015

Үкімет басшысы Кəрім Мəсімов пен вице-премьер Дариға Назарбаеваның кездесуі. Білім саласына қатысты ауқымды жиын өтіп, бірқатар мəселелер көтерілді

2016

Назначен ректором Международного казахско-турецкого университета имени Ходжи Ахмеда Ясави профессор Болатбек Серикбайулы Абдрасилов

2018

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастады. Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы оқу ордамызға келді.

2019

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ерекше мәртебеге ие болды.

2020

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры болып Темірбекова Жанар Амангелдіқызы тағайындалды

2021

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.