06.05.2021
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!
Құрметті әріптестер мен білімгерлер!
Баршаңызға 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, ел тыныштығын сақтауда әскери сарбаздарымыздың атқарып жатқан еңбектері ұшан-теңіз. Халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміз айбынды болсын!
Университетіміздің қадірмен оқытушылары мен профессорлық қауымы! Сіздер де жастарға білім беріп, ғылымға баулып, отан алдындағы міндеттеріңізді адал атқарып жүрсіздер.
Студент – жастарымыз, бүгініміз бен келешегімізде Отанымыздың дамуына үлес қосар білгір маман, саналы, жауапкершілік иесі, елін қорғар азаматтар сіздерсіздер.
Отан қорғаушылар күнінде елімізге амандық-саулық тілей отырып, халқымыздың бейбіт өмірін күзетіп жүрген жігіттеріміз бен қыздарымызға еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын дейміз.
Жанар ТЕМІРБЕКОВА,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің ректоры