ornament

9 мамыр –Жеңіс күні

9 мамыр –Жеңіс күні 08.05.2021

9 мамыр –Жеңіс күні

Құрметті әріптестер мен білімгерлер!

Батыр аталарымыз бен әжелеріміздің фашизмді Жеңген күні, Бейбітшілік күні баршаңызға құтты болсын!
Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыстың аяқталғанына 76 жыл өтті. Аштық, қирату, азап пен көз жасы ешқашан қайталанбасын. Бұл күн бәріміз үшін тым қымбат. Біздің өміріміз бен бостандығымызды майдан даласы мен тылда күш-қайраттарын аямай қорғаған  ата, әжелерімізге мың алғыс.
9 мамыр – тарихтағы айтулы мереке. Қырық бесінші жылдың жеңіс күндері жадымыздан өшпесін. Аспанымыз ашық болсын, бейбіт көгершіндері көгімізде қалықтай берсін. Ұлы мереке құтты болсын!


Жанар ТЕМІРБЕКОВА,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің ректоры

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.