ornament

Жаңалықтар

XI жазғы универсиада бокс спорт түрінен жалғасуда
XI жазғы универсиада бокс спорт түрінен жалғасуда

XI жазғы универсиада ойындарының алғашқы күнінде Балуан Шолақ спорт кешенінде бокстан тартысты бәсеке басталды. Аталған додада жалпы саны 8 жоғарғы оқу орындарынан 66 былғары қолғап шеберлері келіп бақ сынауда. Студент-спротшыларымыздың арасында қыздардың саны - 26.  Бокстың бас төрешісі Ералиев Айдамир. Айта кетейік, бокс бойынша тартысты дода мамыр айының 03-10 аралығында өтеді. Спортшыларға сәттілік серік болсын!  

Толығырақ
Қазақ ұлттық өнер университетімен меморандум жасалынды
Қазақ ұлттық өнер университетімен меморандум жасалынды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті мен Қазақ ұлттық өнер университеті өзара  ынтымақтастық пен достық, білім және мәдениет саласындағы бірлескен меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, бірқатар жобалар талқыланды.Алдағы уақытта білім мен мәдениет саласында  тың дүниелер жүзеге аспақ. Ынтымақтастық шеңберінде бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу күтілуде. Бұдан басқа, құжатқа сәйкес Орталық Азия өңірінде мамандар мен студенттерді тарта отырып, туризм индустриясы мен қонақжайлылықты дамыту саласында бірлескен конференциялар, академиялық кездесулер, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары өткізілетін болады. Ендігі кезекте  Қазақ ұлттық өнер институтының ректоры көрнекті скрипкашы, ҚазССР Халық әртісі Айман Мусаходжаева мен оқу орда ректоры Жанар Темірбекова меморандум аясында тығыз байланыста жұмыс жасамақ.

Толығырақ
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті талапкерлерді 06.05.2021 жылы, сағат 15:00-де өтетін Ашық есік күніне шақырады.

Толығырақ
Түркияның Орталық Азия елдеріне ұстанған жұмсақ күш саясаты: 1992-2021
Түркияның Орталық Азия елдеріне ұстанған жұмсақ күш саясаты: 1992-2021

Университетімізде Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Халықаралық қатынастар кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркияның Орталық Азия елдеріне ұстанған жұмсақ күш саясаты: 1992-2021» атты онлайн-семинар өткізіледі. Семинарда Тракия университеті, Халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры Фахри Түрік арнайы баяндама жасайды. Онлайн семинарға саясаттанушылар мен сыртқы саясат мамандарын және студенттер мен магистранттарды, әрі барша қызығушылық танытқандарды шақырамыз. Instagram: https://www.instagram.com/yassawi.university.official/ Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=100008399464218 Youtube: https://www.youtube.com/channel/UCvqZGEXIsYcK8uzYs1xvJ3A/videos

Толығырақ
Самбошы-қыздарымыз топ жарды
Самбошы-қыздарымыз топ жарды

Университетімізде ЖОО арасындағы XI Жазғы универсиада ойындары өтуде. Біздің спортшыларымыз алғашқы күннен бастап-ақ дайындықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсеткен болатын. Бүгін де самбо күресінен 50 кг салмақта бақ сынаған Пайыз Жадыра І орын, 50 кг салмақта Айжан Жылқыбаева ІІ орын, 59 кг салмақта Гүлзира Құдасбек ІІ орын, 59 кг салмақта Фатиха Рахымжанова ІІІ орын, 80 кг салмақта Мақсат Әйгерім ІІ орынды иемденді. Спортшыларымыздың жаттықтырушылары оқу сауықтыру бөлімінің аға бапкері, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушы Әбдісадық Халилаев және доцент Бағдат Баймұханбетов. Құттықтаймыз!

Толығырақ
Қоржында 6 медаль
Қоржында 6 медаль

Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкекте таеквондодан халықаралық "SC DREAM" ашық турнирі сәуір айының 30 жұлдызы мен мамыр айының 02 жұлдызы аралығында өтті. Халықаралық додада 250 спортшы бақ сынасты. Бұл турнирде университетімізден 6 спортшы сынға түскен болатын. Бабы келіскен спортшыларымыздың алтауы да жеңіске жетіп, жүлдемен оралды. Атап өтер болсақ, Спорт және өнер факультетінің 4-курс студенттері Аманбол Бегімбетов 58кг салмақта, Амина Нұрғазықызы 53кг салмақта сынға түсіп 1-орын, 1-курс студенттері Дүйсенбек Әзірет 55кг салмақта 1-орын, Өтеген Асқар 59кг салмақта 1-орын, Ырысдаулет Бакишев 63 кг салмақта 1-орын иемденсе, ал 2 курс студенті Арайлым Тасболат 46 кг салмақта 2-орынды қанжығасына байлады. Айта кетейік, жеңімпаздардың жаттықтырушысы Оқу сауықтыру бөлімінің аға бапкері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ренат Құралбаев. Спортшыларымызды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз. Жарыс жолында тек жеңісті күндердер көп болсын!

Толығырақ

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.