ornament

Жаңалықтар

Түркияның Өкілетті Елшісі оқу ордамызға келді
Түркияның Өкілетті Елшісі оқу ордамызға келді

Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы  Бас консулы Али Рыза Акынжы еліміздің аймақтарын аралау барысында Түркістан облысына іс-сапармен келді. Сапар барысында түркі балаларын ортақ шаңырақ астында басын қосып, білім беріп отырған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен танысу мақсатында арнайы ат басын бұрды. Қонақтар университет қызметкерлері және оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті. Оқу орнымыздың ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов университеттің жеткен жетістіктері, тарихы және атқарылып жатқан жұмыстарымен қонақтарды таныстырды. Сондай-ақ екі елдің достығының белгісі болып табылатын оқу ордамызға Түркия тарапының көрсетіп жатқан қолдауларына ерекше тоқталып өтті. Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи: -Бұл менің Түркістанға алғашқы рет келуім. Алдын Нұр-Сұлтан қаласында ректор Болатбек Серікбайұлымен танысқан болатынмын. Бұл жолы екі елге ортақ университетімізді жақыннан көріп, ұстаздармен танысу үшін арнайы келіп отырмын. Мынау жұқпалы індет болмағанда бәлкім көпшілікті көріп, студенттермен жақынырақ танысар едім. Дегенмен де бұл соңғы кездесуім емес деп үміттенемін. Пандемиядан кейін көбірек келуге тырысамын және студенттеріміздің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге барынша атсалысамын. Бұл сапарда мен ерекше толқып тұрмын, ата жұртымыздағы бауырларымыз бізді құшақ жайып қарсы алды. Университет басшылығына үлкен алғысымды білдіремін, - деп ыстық ықыласын білдірді. Университет басшысы құрметті қонақтарға салтымыз бойынша шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.

Толығырақ
Абай мұрасы жайында қазақ-түрік ғалымдары бірлескен онлайн-семинар
Абай мұрасы жайында қазақ-түрік ғалымдары бірлескен онлайн-семинар

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай қазақ-түрік ғалымдарымен бірлескен онлайн-семинар өтті. Ғылыми семинардың модераторы профессор, доктор Женгиз Томар семинардың маңызы жайында сөз қозғап түркі жұртына ортақ тұлғаға айналған Абай мұрасы жайында айтылатын пікір мен зерттеулердің құндылығы күн өткен сайын арта түскенін жеткізді. Ғалымдардың басын біріктірген кең көлемді семинарда Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті Кеңес төрағасы Мухитдин Шимшек, Анкарадағы Қазақстан Республикасының Елшісі Абзал Сапарбекұлы, ТҮРКСОЙ-дың Бас Хатшысы Д. Қасейінов, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Б. Абдрасилов құттықтау сөз сөйлеп, Абай мұрасының өміршеңдігі мәңгі екенін, таусылмайтын рухани азық, құнарлы нәр, асыл қазына екенін жеткізді. Бұл шараға қатысушылар Абайтанушы ғалымдар болғандықтан маңызды тұжырымдар мен концепциялар күтуге болатынын айтып, ғалымдарға сәттілік тіледі. Түркі халықтары мәдениетінің бірлігі ретінде Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, Қазақстан мен Түркия мәдениет министрліктері, ТҮРКСОЙ ұйымы бірлесіп ұйымдастырған Абай әндерінің концертінен үзінді көрсетіліп, Абайдың «Көзімнің қарасы» әні шырқалды. Онлайн-семинардың келесі бөлігі Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Булент Байрамның модераторлығымен ғылыми баяндамаға жалғасты. Ғылыми шарада «Абай Құнанбайұлының өнерге көзқарасы» атты баяндамасымен Памуккале университетінің ғалымы, профессор, доктор Нергис Бирай, «Абай философиясындағы жан мен тән категориялары» тақырыбында Шәкәрім атындағы Семей университетінің ғалымы, профессор Қ.Әубәкір, «Екі ақын әкенің болашаққа деген көзқарасы: Фикрет пен Халук, Абай мен Әбдірахман» тақырыбында Анкарадағы Қажы Байрам Вели университетінің ғалымы доцент Джамила Кнаджы, «Абайдың әдеби мектебі» тақырыбында Шәкәрім атындағы Семей университетінің доценті Ж.Әубәкір, «Абай философиясындағы толық адам» тақырыбында Мугла Сыткы Кочман университетінің доценті Екрем Аян ғылыми зерттеулерімен бөлісті. Абай мұрасы арқылы қазақтың әдебиетін, мәдениетін, тарихын, философиясын, сондай-ақ қазақ халқының құндылықтарын насихаттауға бағытталған семинар соңы түрлі сұрақтар, ой-толғаныстармен қорытындыланды. Түркология ғылыми-зерттеу институты [gallery size="full" ids="58454,58453,58452,58451,58450,58449"]

Толығырақ
Шамсудин Қанат тағы да стипендиат атанды
Шамсудин Қанат тағы да стипендиат атанды

Университетіміздің медицина факультетінің 5-курс студенті Шамсудин Қанат «Конрад Аденауэр» қорының Sur-Place жергілікті университеттерінің студенттеріне арналған жергілікті грантын жеңіп алып, стипендиат атанды. Шахмардан 3-курста Шахмардан Есенов атындағы стипендия иегері атанған болатын. Бұл білім сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен, түрлі сала бойынша 29 жасқа дейінгі 450 үміткер бақ сынасты. Білім сайысында 50 жас іріктеліп, Конрад Аденауэр қорының стипендиясы тағайындалды. Шамсудин Қанат Түркістан қалсынан алғаш осы стипендия иегері атанып отырған студент. Айта кетейік, Конрад Аденауэр атындағы Қор Германия Федеративтік Республикасының саяси Қоры болып табылады. Sur-Place жергілікті университеттерінің студенттеріне арналған жергілікті гранттар бағдарламасы 2007 жылдан бастап Қазақстанның жас элитасын қолдап, сол арқылы демократияландыру мен азаматтық қоғам құру үдерісіне өз үлесін қосып келеді.

Толығырақ
Түрік мәдениетімен танысып қайтты

GoTurkey бағдарламасымен  5.09-16.09.2020 аралығында медицина факультетінің студенттері Түркияға барып қайтты. Сапардың мақсаты - студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру және Түркия мемлекетінің мәдениетімен танысу, тіл курстарын оқу. Бағдарламаға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Астана медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеттерінен жалпы саны 20 студент (бакалавр және интерн студенттері) қатысты. Бағдарлама жетекшісі - ХҚТУ вице-президенті У.Умбетов. Бағдарлама координаторы- Медицина факультетінің «жалпы медицина» мамандығы бойынша 5-курс студенті Қанат Шамсудин. Бағдарлама аясында студенттер түрік тілі курстары (тіл курстарын Филология факультетінің аға оқытушысы Молдатаев Қанат өткізді) және Акдениз университетінің жетекші мамандары арқылы студенттер хирургиялық кейстерді дәрігер рөлінде шешіп, дұрыс диагноз қоюды және сонымен қатар коммуникативті дағдылар бойынша жаттығулар жасады. Морфология, патология және қан-тамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі және ас қорыту жүйесі бойынша семинарлар кәсіби біліктілігіне байланысты мастер-класстар өтілді. Студенттер Түркия мемлекетінің Стамбул, Анталья қалалары және Каппадокия мен Паммуккале сияқты інжу маржандарымен танысты. Сонымен қатар Шахмардан Есенов атындағы фонд және Конрад Аденауэр фондының стипендиаты Қанат Шамсудин аталмыш фонд стипендиясын және тағы басқа гранттарды қалай жеңіп алу туралы семинар өткізді. Бағдарлама соңында студенттер өткен материалдар бойынша тест тапсырды. Барлық қатысушыларға ХҚТУ вице-президенті Ү. Үмбетов сертификаттар тапсырды. Ақпарат орталығы

Толығырақ
Ректорға «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалі табысталды
Ректорға «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалі табысталды

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осыған орай, ұлтаралық татулықты насихаттауда елеулі үлес қосқаны үшін университетіміздің ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» және «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдерімен марапатталды. Медальдарды Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғани Рысбеков табыстады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде әлемнің 19 елінің жастары мен 40-тан астам ұлт пен ұлыс өкілдері білім алуда. Түркі тілдес әлемді рухани біріктіруші білім беру орталығы ретінде Ахмет Ясауи университетінің маңызы өте зор.

Толығырақ
«Ғылым әлеміне саяхат»
«Ғылым әлеміне саяхат»

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Б.Абдрасиловтың бастамасымен 2020-2021 оқу жылында қабылданған 1-курс студенттерін ғылымға баулу мақсатында «Ғылым әлеміне саяхат» тақырыбында университеттің ғылыми-зерттеу бағыттары, жетістіктері, университетіміздегі ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарын таныстыру онлайн видеоконференциялары өткізілуде. 16-18 қыркүйек күндері аралығында онлайн режимде өтетін іс-шараның алғашқы екі күнінде Гуманитарлық ғылымдар, Филология, Өнер және Спорт, Әлеуметтік ғылымдар, Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі, Жаратылыстану факультеттерінің қашықтықтан білім алып жатқан  студенттерімен кездесу болды. Жиынды сөз алған Ғылыми-зерттеу істері бойынша вице-президенті К.М.Беркимбаев Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жас ғалымдардың ғылыми-зерттеулеріне арналған гранттық және студенттік шәкіртақы конкурстары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, 1-курс студенттерінің ғылымға деген қызығушылықтары мен талпынысын арттыру мақсатында университетте жыл сайын өткізілетін студенттердің ғылыми-теориялық конференциялары туралы айтты. Онлайн кездесуде студенттерді заманауи зерттеу жұмыстарының принциптері мен әдістерін, оның ішінде зерттеуді дайындау және жүргізуге, ғылыми жұмыстарды жазуға және жариялауға дайындауға үйретуге бағытталған іс-шараларға қатысты да мәліметтер берілді. Жас ғалымдарды ғылымға баулу мақсатындағы игі іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табады. Ақпарат орталығы

Толығырақ

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.