ornament

Жаңалықтар

Ректор «Аiqyn» газетінің бас редакторымен кездесті
Ректор «Аiqyn» газетінің бас редакторымен кездесті

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Абдрасилов «Аiqyn» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғарамен кездесті. Кездесу барысында Б.Абдрасилов оқу орнымыздың журналистика мамандығының студенттерінің республикалық басылымдарда, телеарналарда іс-тәжірибеден өтіп, еліміздің барлық аймағында қызмет атқарып атқарып жүргендігін жеткізді. Алдағы уақытта да жас журналистерді дайындауда «Аiqyn» газетінің ұжымымен әріптестік байланысты дамыту мәселелері талқыланды. «Аiqyn» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғара университетіміздің ректоры Болатбек Абдрасиловқа ынтымақтастық пен байланысты арттырғаны үшін басылым ұжымы атынан Алғыс хат тапсырды. Ақпарат орталығы

Толығырақ
Университеттің клиника-диагностикалық орталығы жаңа жабдықтармен толықты
Университеттің клиника-диагностикалық орталығы жаңа жабдықтармен толықты

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор-доктор Мұхиттин Шимшек Түркия елінен ХҚТУ Клиника-диагностикалық орталығына медициналық жабдықтар мен материалдар жіберді. Гуманитарлық көмекті оқу орнымыздың президенті Болатбек Абдрасилов пен I вице-президент Женгиз Томар, Клиника-диагностикалық орталықтың бас дәрігері Осман Ажар бастаған мекеме қызметкерлері қабылдап алды. Университет ректоры Болатбек Абдрасилов бауырлас екі елдің алтын көпірі болып отырған университет клиникасының халыққа жоғары деңгейде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін құрал-жабдықтарды жіберген Түркиядағы Өкілетті кеңес төрағасы Мұхиттин Шимшекке ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, пандемия кезінде халыққа қызмет еткен клиникамыздың қызметкерлеріне, дәрігерлеріне де ұжым атынан алғыс айтты. Алдағы уақытта клиниканың әлеуетін арттыруда жан-жақты жұмыстардың жүргізілетіндігін жеткізді. Айта кетейік, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Клиника-диагностикалық орталығы мекемесінде Covid-19 індетінің өршуінің салдарынан 12.06.2020 жылдан бастап 30 төсек орнынды провизорлық бөлім ашылып, 200 адам вирусты пневмониямен емделіп шықты. Провизор бөлімінде 16 дəрігер қызмет атқарды. 2020 жылдың 26 тамызынан бастап провизорлық бөлім жабылған. Университетіміздің I-вице-президент Женгиз Томар бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта да клиникамыз заман талабына сай қажетті құрал-жабдықтармен жаңартылатындығын атап өтті. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері Осман Ажар клиника–диагностикалық орталықтың алдағы жоспарларымен таныстырып, орталық қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында еліміздегі және Түркиядағы медицина мекемелерімен тығыз қарым-қатынасты орнатуды жандандыратындығын жеткізді. Ақпарат орталығы

Толығырақ
Құрметті талапкерлер!
Құрметті талапкерлер!

Түркия Республикасы тарапынан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне магистратура білім беру бағдарламалары бойынша білім алуға бөлінген грант конкурсын жариялайды. Түркия гранты конкурсына кешенді тестілеу нәтижесі бойынша шекті балл жинаған үміткерлер және одан жоғары ұпай жинаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Түркия грантына өтініштер 8-9 қыркүйек күндері сағат 18.00-ге дейін виртуалды онлайн жүйесімен Оператор 12, Оператор 13 http://ayu.edu.kz/bilim-beru-grantyna-virtualdy-onlajn-zhat-abyldau-operatorlary сілтемесі арқылы қабылданады.  

Толығырақ
«Qazaq radiosy» толқынында
«Qazaq radiosy» толқынында

Бүгін «Қазақ радиосы» толқынында университетіміздің ректоры Б.С.Абдрасилов бейне байланыс  арқылы сұхбат берді. Сұхбатты жүргізген журналист Азамат Жомартұлы. 1 қыркүйек күні Мемелекет басшы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында бірнеше маңызды мәселелер айтылды. Соның бірі ғылым саласына тың көзқарас пен жаңа тәсілдер қолдана отырып халықаралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз керектігін айтқан болатын. Жоғары оқу орындар мамандар даярлаумен қатар, ғылыми орта болып табылады. Журналист ғалымдардың ордасының бірі болып табылатын,  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректорымен сұхбатында, ерекше статусты оқу ордамыздың ғылым, білім саласында атқарылып жатқан жұмыстары мен түлектерді жұмыспен қамту, жаңа оқу жылында қабылданған студенттер барысы жайында бірқатар сұрақтарды қамтыды. Сұхбаттың толық нұсқасын қазақ радиосының facebook.com/qazaqradiosy, youtube каналдарынан тыңдай аласыздар. https://www.facebook.com/qazaqradiosy  

Толығырақ
Студенттер университет кітапханасымен онлайн танысты

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ақпараттық ресурстық орталығы жыл сайын студенттерге, әсіресе 1-курс білімгерлерін кітапханамен таныстыру мақсатында экскурсия жасап отырады. Іс шара барысында кітапхана қызметкерлері студенттерді жалпы кітапханамен, оның ішкі тәртібімен, Ережелерімен таныстырады. Биылғы оқу жылында білім беру жүйесінің қашықтан оқыту, онлайн режимге ауысуына байланысты университет ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов осы жұмыстардың кезең-кезеңімен атқарылуы үшін ZOOM бағдарламасымен қамтамасыз етілуіне зор мүмкіндік беріп отыр. Қашықтықтан білім алып жатқан студенттерімізге таныстыру іс шараларын факультет декандарымен келісе отырып, кесте бойынша онлайн режимде кітапхана сайтымен, кітапхананың электронды ресурстарымен таныстыру жұмыстары 3-9 қыркүйек күндері өтеді. Ақпарат орталығы

Толығырақ
Ізденіс және ғылыми стипендиялар конкурсы жарияланды
Ізденіс және ғылыми стипендиялар конкурсы жарияланды

«Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 830 Қаулысына, «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына, «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мөлшерлерін және конкурстық материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 536 бұйрығына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігі 2020 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс және ғылыми стипендиялар конкурсын жариялайды: • жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық (350 айлық есептiк көрсеткiш); • гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлық (350 айлық есептiк көрсеткiш); • педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеу мен жұмысы үшiн Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық (350 айлық есептiк көрсеткiш); • түркология саласындағы аса зор жетістіктер үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық (300 айлық есептiк көрсеткiш); • жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмыс үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық (150 айлық есептiк көрсеткiш); • – гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмыс үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық (150 айлық есептiк көрсеткiш); • – 75 мемлекеттік ғылыми стипендия оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған (ай сайын 12 ай ішінде 24 айлық есептік көрсеткіш). • Конкурстардың материалдарын жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан газетте хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күн аралығында тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұрынғы ХҚКО) (http://gov4c.kz сайтында мекенжайлар көрсетілген) қабылданады. Қосымша мәлімет алу үшін Коммерциализациялау офисіне хабарласуларыңызды сұраймыз. Ректорат ғимараты 401-кабинет. Телефон: 6-36-36 ( ішкі 19-19)

Толығырақ

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.