ornament

Жаңалықтар

XI Жазғы универсиада ойындары басталды
XI Жазғы универсиада ойындары басталды

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазыбек би оқу ғимаратындағы спорт залда ЖОО арасындағы XI Жазғы универсиада ойындары басталды. Самбо күресінен 100 спортшы өзара бақ сынауда. Оның 35- қыз, 65-ұлдар. Айта кетейік самбо және бокс спорт түрінен 10 ЖОО спортшылары қатысуда. Сүйіншілейтін тағы бір жаңалық бүгін сомбо күресінен оқу ордамыздың студенті Айнұр Ақжігітова 72-кг салмақта алғашқы алтынды еншіледі. Айта кетейік, самбо күресінен бәсеке 03-06 мамыр аралығында өтпек. Самбо күресі бойынша бас төреші Әбдісадық Халилаев.

Толығырақ
ЖОО арасындағы ХI жазғы универсиаданың мандаттық комиссиясы өз жумысын бастады
ЖОО арасындағы ХI жазғы универсиаданың мандаттық комиссиясы өз жумысын бастады

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ЖОО  арасындағы ХІ жазғы универсиаданың мандаттық комиссиясы самбо (ерлер, қыздар), бокс (ерлер, қыздар) спорт түрлерінен басталды. 2021 жылдың 03-06мамыр аралығында самбо күресінен (ерлер, қыздар)Түркістан қаласында  Қ.А Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен ЖОО арасындағы ХІ- жазғы универсиадасы өткізілуде. Жарысқа келген командалар міндетті түрде ПЦР тестінен өткізілді. Ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекеде 10 команда сынға түспек. Жарысқа ерлер арасында 10 университет қыздар арасында 10 университет командалары бақ сынамақ. Жалпы 140 спортшы оның ішінде 70  ер балдар 70 қыз балдар. Жарысқа қатысатын командалар: 1.  Қорқыт ата ҚМУ 2.Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 3.Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті 4.Халықаралық туризм және меймандостық университеті 5.Абай атындағы ҚазҰПУ 6.ТАРГУ 7.ТИГУ 8.КазАСТ 9.М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 10.Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Айта кетейік, сайыстың бас бақылаушысы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы"  Алматы қаласындағы филиал директоры Айтбаева Зоя Қанатбекқызы.

Толығырақ
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Құрметті университет ұжымы, оқытушы- профессор құрамы және студенттер! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн достық, сыйластық, ынтымақ мерекесі. Елімізде тұратын 120-дан астам ұлттар арасындағы достық, сыйластық, ынтымағы жарасқан татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесі орналасқан Түркістан талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтып, биыл Түркі дүниесінің рухани астанасы мәртебесін берді. Түркі жұртының ынтымақтастығының белгісі ретінде Түркістан гүлденіп, түрленіп жатыр. Бірлік пен татулықтың бір үлгісі ретінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін де ерекше айта аламыз. Бір шаңырақ астында 19 елдің 40-тан астам ұлт пен ұлыстың жастары білім алып, қазақ мәдениетін танытуға үлес қосуда. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігіміз нығайып, елде тұрақтылық орнады. Бір шаңырақ астындағы өмір сүріп отырған халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауызбіршілігі нығая түссін. Қазақстан ұлтаралық татулықтың символына айналып, достық, бірлік мәңгі жасай берсін! Ж.А.Темірбекова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры

Толығырақ
Институттағы іргелі істер
Институттағы іргелі істер

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, ректор өкілі Женгиз Томар Экология ғылыми зерттеу институтында жаңадан құрылысы аяқталған жылыжай нысанының тұсауын кесті. Ашылу салтанатында институт директоры Аманкүл Ақбасова жылыжай мақсатын және оның алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына тоқталып өтті. [gallery columns="1" size="large" ids="65723"] Сондай-ақ, оқу ордамыздың басшылары институтта атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу жұмысымен де толыққанды танысып, зертханалары мен оның ғылыми мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат алды. [gallery columns="4" size="large" ids="65728,65727,65726,65725"] Ең қызығы жылыжайды салғанда екінші реттік шикізат ретінде өндіріс пен қатты тұрмыстық қалдықтары, құрылыс материалдары ретінде қолданылған. Яғни, қалдықтардың шығынын азайту мақсатында және керексіз деп танылған қалдықтарды пайдаға асырған. Бұл жұмыстың нәтижесінде экологиялық, экономикалық тұрғыдан айтарлықтай тиімділікке қол жеткізуге болатынын Институт қызметкерлері мен докторанттары, магистранттары дәлелдеді. Сондай-ақ, жылыжайды салу барысында қолданылған құрылыс материалдары біршама үнемделіп, қалдықтар утилизацияланған. Экология ҒЗИ- ның магистранты Айида Дәріханова "Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратудың инновациялық әдістерін ұсыну " тақырыбында диссертация қорғап нысанды өндіріске енгізген болатын. Соның нәтижесінде қазіргі уақытта жылыжайда көкөністер (қияр, қызанақ, бұрыш, аскөк, шалғам, қызылша) вермитехнология әдісі арқылы алынған органикалық тыңайтқыш- вермикомпост ( қатты және сұйық түрлері) негізінде өсірілуде. [gallery columns="2" size="large" ids="65729,65721"] Айта кетейік, өндірілген өнім сапасын тексеріп көру үшін университет қызметкерлері мен аталмыш истититут мамандары сараптамадан өткізетін болады.

Толығырақ
Османдықтар және олардың түркілер тарихындағы орны
Османдықтар және олардың түркілер тарихындағы орны

Университетімізде Түркология ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының ұйымдастыруымен «Османдықтар және олардың түркілер тарихындағы орны» атты ғылыми конференция өтті. Конференцияда Түркияның Ұлттық қорғаныс университетінің ректоры, доктор, профессор Эрхан Афионжу арнайы баяндама жасады. Конференция барысында университетіміздің вице-президенті Женгиз Томар Османдықтар тарихын Алтын Орда дәуірімен байланыстырса, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Булент Байрам османдықтардың тілдік мәселелеріне қатысты ой қозғады. Конференция қонағы, професссор Эрхан Афионжу Османдықтар жөнінде тарихи, мәдени, географиялық ақпараттармен қатысты мол мағлұмат беріп, тыңдармандармен маңызды сұхбат өткізді. Конференцияға онлайн қатысқан ғалымдар мен ізденушілер өз тарапынан баяндамашыға сұрақтар беріп, өз алғыстарын білдірді. Түркология ғылыми-зерттеу институты

Толығырақ
Зілтемірші спортшыларымыз жүлдемен оралды
Зілтемірші спортшыларымыз жүлдемен оралды

Ташкент қаласында 2021 жыл 27-30 сәуір күні аралығында Гір тасын көтеруден Жастар арасында өткен Азия чемпионаты өтті. Бұл біріншілікте Спорт және өнер факультетінің 6В01405- Денешынықтыру және спорт мамандығының 2-курс студенттері Рысбек Ердос Мұханбетұлы 63 кг салмақта, Шекербек Нұрлыбек Маратұлы 93 кг салмақта 1 орын иеленді. Ұзын циклді көтеруден 63 кг салмақта Сабыр Нұрсұлтан, 68 кг салмақта Тұрғанбай Бақытжан Имашұлы 2-орын иеленді. Қоссайыстан 95 кг салмақта Ахмет Ерболат Оразәліұлы 2-орын иеленді. Зілтеміршілер мен жаттықтырушылары: М. Серікбаев, Б.Абдукаримовты жеңістерімен құттықтаймыз!

Толығырақ

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.