ornament

“Veritas-IKTU” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

“Veritas-IKTU” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ 11.05.2021

“Veritas-IKTU” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Ресей Федерациясы Тюмень қаласында кіші жамбас қуысы ағзаларының хирургиясы бойынша Халықаралық олимпиада өтті.
Ресей, Чуваш мемлекеті, Башқұртстан, Татарстан және Қазақстан елдерінен жалпы саны 15 команда қатысқан аталмыш олимпиада 4 сайыстан тұрды: балалар хирургиясы, оперативті гинекология, оперативті урология және проктология.
Тюмень қаласына университетіміздің намысын қорғауға “Veritas-IKTU” хирургиялық клуб мүшелері мен үйірме жетекшісі, медицина факультетінің “Жалпы хирургия” кафедрасының меңгерушісі, дәрігер-хирург Төлежанов Нүрпейіс Құдайбергенұлы бастап барды.
Олимпиаданың нәтижесі бойынша “Балалар хирургиясы” сайысынан 6-курс дәрігер-интерні Сауранбай Диас пен 4-курс студенті Алишев Жахангир жүлделі 3 орынға ие болды. “Проктология” сайысы бойынша 5-курс студенті Темирова Камола мен  4- курс студенті Кеңесбек Ару жүлделі 3 орынға ие болды.
Айта кетейік, “Veritas-IKTU” хирургиялық клубының бұл алғашқы жеңісі емес, алайда шет елге алғаш шығуы. Бұдан да үлкен жеңістерге жетуге әрекет ететін боламыз,- дейді клуб мүшелері.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.