12.05.2021
Көңіл айтамыз
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы Қазан қаласының №175-ші мектебінде болған қиын жағдайда балалар мен ересек адамдардың қаза болуына байланысты, бауырлас Татарстан халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Ауыр жарақат алғандардың тезірек сауығып, отбасыларына оралуын тілейміз.
Еске сала кетсек, 11 мамыр күні Қазан қаласындағы мектептегі атыс салдарынан 8 мектеп оқушысы мен бір мұғалім көз жұмып, тағы 21 адам жарақат алған. Олардың ішінде 6 бала ауыр жағдайда жатыр. Осыған байланысты 12 мамыр Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды.