ornament

Самбошылар боз кілемде бақ сынасты

Самбошылар боз кілемде бақ сынасты 05.05.2021

Самбошылар боз кілемде бақ сынасты

Самбо спорт түрінен өтіп жатқан XI жазғы универсиада ойындарының финалында +98 кг салмақта спортшымыз Әбдіғани Бйбарыс боз кілемде қарсыласы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің спортшысы – Ерасыл Амангелдиевты айқын басымдықпен жеңіп, жеңімпаз атанды
Сонымен қатар, оқу ордамыздың самбошылары – Айдарбек Тоқтарбек ( 98 кг) 1 орын, Қуандық Шадияр (71 кг) 3 орын, Айдынбай Қайырберді (58 кг) 1 орын, Жасұлан Нариманов (58 кг) 2 орынға табан тіреді.
Жеңімпаздардың баптап, додаға қосқан жаттықтырушылар Жақыпбек Қасымбеков пен Мұхтар Бөгенбаев.
Байрақты бәсекеде топ жарып жүрген спортшыларымзға алдағы уақытта да үлкен жеңістер тілейміз!
Самбоның тарихы Кеңестер Одағы тұсында 1938 жылы 16 қарашадан басталады делінеді. Сол жылы денешынықтыру саласының бүкіл одақтық комитеті самбоны бірауыздан спорттың бір түрі деп тіркеді. Самбо сөзі үш сөз тіркесінен тұрады. Талдап айтсақ, алғашқы тіркестен «"сам(ооборона)", "б(ез) о(ружия)" деген сөз шығады (орыс тілінде).
Бұл бір емес, жиырма елдің ұлттық спорт түрлерінің жиынтығы деген пікір бар.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.