ornament

Студентіміз Республикалық «Қазақстан Барысына» жолдама алды

Студентіміз Республикалық «Қазақстан Барысына» жолдама алды 06.05.2021

Студентіміз Республикалық «Қазақстан Барысына» жолдама алды

05-06 мамыр аралығында Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін облыстық «Қазақстан Барысы» сайысы өтті. «Қазақстан Барысы» сайысына университетіміздің Мемлекеттік және жергілікті жерді басқару  мамандығының 2 курс студенті Айдарбек Тоқтарбек абсолюттік салмақ дәрежесінде сынға түсіп, нәтижесінде  Республикалық «Қазақстан Барысына» жолдама алды.
Байрақты бәсекеде бақ сынаған спортшымыз бірінші белдесуінде Шардара ауданының балуанын жеңді. Ал, екінші белдесуінде Ордабасы ауданының балуанымен шығып жартылай жеңіс ұпайымен жеңіске жетіп финалға шықты. Финалда Мақтаарал ауданының балуанын жартылай жеңіс ұпайымен жеңді.
Айта кетейік, Айдарбек Тоқтарбек Жақыпбекұлы- самбо күресі, қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Республика және Халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Спортшыны үкілеп бәйгеге қосып жүрген жаттықтырушылары Мұхтар Бөгенбаев пен Жақыпбек Қасымбеков. Университетіміздің атын танытып, Түркістанның намысын қорғап жүрген спорт шеберінің жеңісі құтты болсын!

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.