ornament

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі»

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі» 05.05.2021

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі»

«Жаратылыстану» факультетінің ұйымдастыруымен 2021 жылы, мамардың 4 күні «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі» атты іс-шарасы өтті.
Іс-шараға карантин талаптарын сақтай отырып факультет студенттері мен оқытушы-профессолар құрамы қатысты.
ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күресудің қаншалықты маңызды екені айтылып, қоғамға және мемлекетке қаншалықты зиян келтіретіні айқын көрсетілді. Президенттің 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасында сыбайлас жемқорлықтан қорғану үшін ұсыныстар жасалған. Сыбайлас жемқорлықтың орын алуы жағдайлары тіркелген кезде кез-келген қоғам мүшесі тиісті мәдениетінің арқасында міндетін атқаруы тиіс. Осы жағдаяттардың алдын алу мақсатында өткізілген іс-шарада студенттерге мәліметтер берілді. Сонымен қатар, студенттер сұрақ-жауап түрінде аудиториямен кері байланыс орната білді, қызу пікір талас ұйымдастырды. Ситуациялық жағдаяттар айтып, сол жағдайда не істейтіндігін, қандай әрекетке баратындыған ортаға салды. Тек студенттермен ғана шектеліп қалған жоқ, ОПҚ құрамының да бұндай жағдайда қандай іс әрекеттер жасайтындығы жайла ой-пікірлері ортаға салынды.
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес-баянды болашақтың кепілі» атты іс-шара мазмұны толық ашылды, студентерге адал жолмен жүру керектігін, қандай жағдай болса да сыбайлас жемқорлықтан алыс болуы керек екені түсіндірілді.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.