ornament

«Түркілер төрі Түркістан»

«Түркілер төрі Түркістан» 25.08.2020

«Түркілер төрі Түркістан»

<strong>Тамыздың 25 күні Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жазушы, журналист, оқу ордамыздың құрметті профессоры Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі Түркістан» атты кітабының жарық көруіне орай халықаралық онлайн конференция өтті.</strong>
Ұйымдастырушылар – Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан Журналистер одағы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Қоғамдық даму басқармасы.
Қатысушылар: Халықаралық Алаш силығының лауреаты, жазушы мерейтой иесі Мархабат Байғұт, облыс әкімінің орынбасары Сәкен ҚАЛҚАМАНОВ, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек АБДРАСИЛОВ, І вице-президент Женгиз Томар, Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай және университеттің оқытушы-профессорлары қатысты.

<img class="aligncenter wp-image-57550 size-full" src="http://ayu.edu.kz/wp-content/uploads/2020/08/0c3a9379.jpg" alt="" width="800" height="509" />

Онлайн режимде:
-Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан» газеті» АҚ Басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті (Нұр-Сұлтан); Бауыржан Жақып, Қазақстан жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, белгілі ақын (Алматы); Дамир ЖҮНІСОВ, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы (Түркістан); Айгүл ҚАПБАРОВА, ҚР Парламент сенатының депутаты, Мехманқул ИСЛАМҚУЛОВ, жазушы, аудармашы, «Алаш» сыйлығының иегері (Өзбекстан); Әкбар ҚОШАЛЫ - Әзербайжан Халықаралық Жас жазушылар одағының төрағасы, ақын (Әзірбайжан), басқа да ақын, жазушылар мен оқырмандар қатысты.
Конференцияға Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан ЕЛШІБАЙ модераторлық етті.
Онлайн конференцияны облыс әкімінің орынбасары Сәкен ҚАЛҚАМАНОВ құттықтау сөзімен ашты. Сондай-ақ жазушыға Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады. Осыған дейін облыс әкімі Ө.Шөкеев құттықтау хатын жолдағанын айта келе Мархабат Байғұтқа шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар онлайн конференцияға қатысушылар жарыссөзге шығып, Мархабат Байғұтты 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, кітап туралы пікірлерін ортаға салды.
– Бүгін көрнекті жазушы, журналист, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты, Түркістан облысының Құрметті азаматы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Құрметті профессоры» Мархабат Байғұт ағамыздың «Түркілер төрі Түркістан» атты кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартқалы отыр. Жазушы бұл еңбегінде туған жері Түркістан өңірінің тарихын, табиғатын, даласы мен тауларын, сайын даланың ұлдары – даңқты тұлғалар, билеушілер, өзге де қайраткерлерін арқау етіп, эсселерге айналдырып баяндайды. Сонымен қатар Мархабат ағамыз қоғамдағы мәселелерді көтеріп, оны жан-жақты зерделей отырып қамтыған, тақырыбы ауқымды. Сіздің Түркістан өңірі туралы жазған осы еңбегіңізбен өлкеміздің тарихына үлкен үлес қосып отырсыз. – деді Болатбек Абдирасилов өз құттықтауында.
Университетіміздің І вице-президент Женгиз Томар: «Түркістан туралы жазылған ғылыми еңбектер көп емес. Ахмет Ясауи бабамыз бен Түркістанды біз әлемге таныту мақсатында жазылған әрбір шығарманы шет тілдеріне аударып, насихаттауымыз керек. Сіздің «Түркілер төрі Түркістан» атты кітабыңыз өте құнды дүние» деп кітап туралы ойын білдіріп, жазушыны мерейтойымен құттықтады.

<img class="aligncenter wp-image-57551 size-full" src="http://ayu.edu.kz/wp-content/uploads/2020/08/dsc_3150.jpg" alt="" width="800" height="533" />
Конференция соңында Мархабат Байғұт қатысушыларға алғысын білдіре отырып, конференцияны қорытындылады.

[gallery columns="1" size="full" ids="57553,57554,57555"]

Ақпарат орталығы

Сұрақтарыңыз бар ма?

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз қабылданды.
О! Пішінді жіберу кезінде бірдеңе дұрыс болмады.