11.05.2021
Ғылым жолындағы студенттеріміздің жетістіктері
Жақында Ақтөбе қаласында Баишев университетінің ғылым декадасының және Баишев университетінің 25 жылдығына арналған «Білім және ғылым: қазіргі заман көзқарасы» атты жас ғалымдар мен студенттердің VI Халықаралық онлайн ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға Инженерия факультетінің Компьютерлік ғылымдар кафедрасына қарасты Информатика білім беру бағдарламасының 4 студенті қатысты. Онлайн конференцияға қатысқан жас ғалымдарымыздың төртеуі де жүлделі орынға ие болды. Атап айтсақ:
1. Худайбердиев Мерген - 1 орын.
2. Сейдалин Абай – 2 орын.
3. Елеусіз Ерасыл – 2 орын.
4. Гаппаров Нұрлан – 3 орын.
Студенттерімізді жүлделі жеңістерімен құттықтаймыз!