09.05.2021
Жеңіс ХҚТУ қоржынында
Бүгін ЖОО арасындағы XI жазғы универсиаданың бокс (ерлер, қыздар) спорт түрінен өткен жарысы өз мәресіне жетті. Былғары қолғап шеберлері өз оқу ордасының намысын қорғап бақты. Тартысты әрі қызықты өткен жарыста командалық есеп бойынша әйелдер және ерлер арасындағы жеңіс біздің университетіміздің еншісінде.
Жалпы командалык есеп бойынша кыздар арасында –І орын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ІІ орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, ІІІ орын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне бұйырды.
Ал ерлер арасында жалпы командалық есеп бойынша І - орын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ІІ орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, ІІІ орын Халықаралық туризм және меймандостық университетіне бұйырды.
Айта кетейік, тартымды додада университетімізді жеңіс тұғырынан көрсеткен споршыларымыздың жаттықтырушылары Еркебұлан Купесов, Баетов Көпжасар, Дайрабаев Мақсат, Баетов Биназар.